Ұлттық сараптама орталығы басқармасының төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.
Председатель Правления Национального центра экспертизы Ерлан Киясов посетил Костанайскую область с рабочим визитом. 12.10.2024

Жұмыс сапары аясында Ерлан Қиясов Рудный және Лисаковск қалаларының зертханаларының қызметімен танысып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру және сапа менеджменті стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сапар барысында филиал ұжымымен кездесу өтті, онда өндірістік процесс, материалдық-техникалық базаны жақсарту және стратегиялық даму мәселелері талқыланды. Бұл мәселелердің талқылануы өңірлік зертханалардың тұрақты дамуының маңыздылығын көрсетеді, бұл Қостанай облысындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің сапасымен тікелей байланысты.

Қостанай облысындағы филиалдың қалалық және аудандық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен Ерлан Қиясов ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Әрбір бөлімшеге осы жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттер анықталды.

Жұмыс сапарының соңында Қостанай облысы СЭБК департаментінің басшысы Ермұханбет Даулетбаевтың қатысуымен кеңес өткізілді, онда Қостанай облысының қалалары мен ауылдық елді мекендерінің зертханалық қызметінің өзекті мәселелері, олардың сабақтастық тиімділігі және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алдағы бірлескен мақсаттар мен міндеттер талқыланды.

Сурет галереясы